Шымкентте сауда орталығында кәмелетке толмаған қыз қайтыс болды
201
Шымкент қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, Шымкент сауда орталықтарының бірінде кәмелетке толмаған қыз қаза болды деп хабарлады turkystan.kz.3 шілде күні жедел басқару орталығының «102» арнасына қаладағы ойын-сауық орталықтарының бірінде кәмелетке толмаған қыз қайтыс болғаны туралы хабарлама түскен.
Тексеріс барысында қыздың сол орталықта жұмыс істейтіні және электр тоғынан қайтыс болғаны анықталды.
Оқиға Қаратау ауданы Полиция басқармасы СДТБТ-ға ҚР Қылмыстық кодексінің 156-бабы 3-бөлігі (Абайсызда адам өліміне әкеп соғу) бойынша тіркелді. Қазір осы істің мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүріп жатыр.







