Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін бірыңғай және ең төменгі төлемі 4% болатын жаңа жеңілдікті режим, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Бірыңғай төлем МЗЖ, әлеуметтік аударымдар мен МӘМС жарналарын қамтитын болады.
"Төлемді қосымша арқылы немесе платформа арқылы дербес төлеуге болады. Шекті кіріс - айына 1,25 млн теңгеден аспайды", - деді спикер.
Шағын бизнес үшін режимге айналдыра отырып, жеңілдетілген декларацияның қолданыстағы нормасын бөлшек салықпен біріктіру ұсынылады.
"Ұсынылатын табыс мөлшері - жылына 500 млн теңгеден аспайды, қызметкерлер саны - шектеусіз. Яғни, жеңілдетілген декларацияны қолданатын 1,9 млн салық төлеуші үшін режимді қолдану шегі шамамен 3 есеге ұлғаяды. Бұл айналымды жасырмауға және бөлшектенбеуге ынталандыру", - деді А. Амрин.
Қызмет түрлерінің тізімі кең болады. Тыйым салынғандар қатарынан басқа барлығы қолданылады. Жеке кәсіпкерлер бухгалтерлік есеп жүргізуден босатылады.
Үшінші режим - шаруа және фермер қожалықтары үшін.
"Ағымдағы режимді сол күйінде қалдыру ұсынылады. Тек бірыңғай жер салығының орнына ЖТС төленетін болады. Бұл режим үшін қосымша базалық мөлшерлеменің 40 еселенген мөлшерінде тиімсіз пайдаланылатын жерлер бойынша жер салығын енгізу ұсынылады. АШТӨ үшін жеңілдіктер әрбір салық бойынша жеке сақталады", - деді вице-министр.