Үстіне қоқыс контейнері құлаған әйел көз жұмды

220
Ақтөбеде 38 жастағы әйелдің үстіне қоқыс контейнері құлап қаза болды, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 


Облыстық Полиция  департаментінің хабарлауынша, қайғылы оқиға 1 қаңтарда болған.

102» телефонына «103» операторынан Сәңкібай батыр даңғылындағы үйдің ауласында адамға қоқыс жәшігі құлап кеткені туралы хабарлама келіп түсті. Жедел-тергеу тобы контейнерді тиеу кезінде «КамАЗ» көлігінің көтергіш механизмі бұзылып, металл қоқыс контейнері ЖШС-ның 38 жастағы қоқыс жинау қызметкеріне құлағанын анықтады. Бірнеше сағаттан кейін әйел алған жарақаттарынан қаланың Көпсалалы облыстық ауруханасында қайтыс болды, – делінген хабарламада.


Аталған дерек  бойынша Қылмыстық кодекстің 156-бабы 3-бөлігімен «Еңбекті қорғау ережелерін бұзу» сотқа дейінгі тергеу басталды.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.