Ақтөбе облысының тұрғыны 700 теңгеге бола біреудің үйін өртеп жіберді

318
Жәбірленушіге 5 миллион теңге шығын келтірген қаскүнем 3 жылға сотталды, деп хабарлайды Экспресс К, жергілікті Диапазон сайтына сілтеме жасап.

Оқиға Қарғалы ауданының Степной ауылында болған.


29 жастағы ауыл тұрғыны бөтен үйге терезе арқылы кіріп, сонда тұратын әйелден 700 теңге талап еткен. Арақ алуына осынша сома жетпей тұрыпты. Ол полиция шақыратынын айтып қорқытқысы келген әйелді бетінен ұрып та жіберген. Әйел қолына пышақ алып, жалма-жан бір бөлмеге кіріп, ішінен жауып алады.

"Күдікті осы кезде үйдің кіреберісіне от қойып, лаулап жанғанша қарап тұрып, кейін жөніне кете барған. Жәбірленуші өрт ішінен терезе арқылы аман шығады. Үйден құжаттарын ғана алып үлгерген. Өрт сөндірушілер келгенше көршілері тілсіз жауды ауыздықтауға тырысыпты. Ал газ қызметінің мамандары көгілдір отынды дер кезінде сөндірген", — деп жазады жергілікті сайттың тілшісі.

Күдікті шөп қорада түнеп, таңертең полицейлер қолына түскен. Ол сот алдында бас бостандығынан айырмауды сұрап, бәрін қалпына келтіретінін айтыпты. Әрине, үй иелері кешірім бермеген. Керісінше, материалдық шығынмен қоса, моральдық залалдың өтемін талап еткен.

Сот күдіктіні 3 жылға бас бостандығынан айырып, 5 млн теңге материалдық шығын және моральдық зардап үшін 600 мың теңге төлеуге міндеттеді.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.