Қорғаныс министрі журналистердің сауалына қазақ тілінде жауап беруден бас тартты (ВИДЕО)

296

Қазақстанның қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов журналистер сұрағына қазақ тілінде жауап беруден бас тартты. Ведомства басшысы "мемлекеттік тілде сұхбат берсем, өзгенің көңіліне тиіп кетем бе?!" деп алаңдайды екен, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның "Информбюро" бағдарламасына сілтеме жасап. 

министр

"Мен бәрін түсінемін, қазақпын ғой. Білесіздер ме, біздің Тұңғыш президентіміз – Елбасы былай деген: "100 қазақ жиналып, арасында біреуі өзге ұлт өкілі болса, біз басқа біреудің көңіліне тиіп кетпеу үшін орыс тілінде сөйлейміз". Сондықтан тек екеуміз болсақ, қазақша сөйлесейік", - деп жауап берді Руслан Жақсылықов журналист сауалына


Қорғаныс министрінің қолайсыз жауабына халық әртүрлі пікір білдіріп жатыр. 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ тілін дамыту мемлекеттік саясаттың басты бағыты болып қалатынын айтқан еді. Патриотизмнің белгісі ретінде барлық қазақстандықтарды қазақ тілін үйренуге шақырды. Ал орыс тілінің ресми статусы болғандықтан, заң бойынша оны қолдануға тыйым салуға болмайды деген.