"Димаш Ресейдің оған қандай жақсылық жасағанын ұмытып кетті": Ресейлік БАҚ Димашты айыптады

461

Әлемге әйгілі әнші Димаш Құдайбергенді Ресейлік БАҚ жазғырып, оны "орыстарды жек көруші" деп айыптады,- деп хабарлайды  Caravan.kz медиа порталы Ресейлік БАҚ-қа сілтеме жасап.



Globalmsk.ru басылымы Крутой көптеген талантты орындаушылардың жолын ашқанын жазады. Ол оларға тек сахнаға жолдама ғана емес, сонымен бірге хитке айналатын әндерін де берді. Оның жаңа "фавориттерінің" бірі қазақстандық әнші Димаш Құдайбергенов болғанын жазды.

"Алайда, жас орындаушы Игорь Крутой мен Ресейдің оған қаншалықты жақсылық жасағанын ұмытып кетті. Келесі концерттік турына ол Ресейдің бірде бір қаласын қоспаған. Ол "арнайы әскери операция" (Украиндағы соғыс) туралы ешқандай пікір білдірмеді. Бірақ, ресейлік журналистердің пікірінше бұл русофобия (орыстарды жек көрушілік) болып саналады екен.
Танымал продюсер Дмитрий Ашуров журналистердің пікірін қолдайды. Ол көрші елдердің көптеген орындаушылары ресейлік әріптестерінің олар үшін қаншалықты көп істегенін ұмытып кеткенін атап өтті. Димаш өз отандастарынан бөлінгісі келмеді, сондықтан олардың русофобиялық ұстанымын қолдауға шешім қабылдады. Ашуров Қазақстан әрдайым Ресейден көмек сұрап, қиын уақытта батыс жағына шыққанына өкініш білдірді
", - делінген басылымда.

Бұл материал тек қана Ресейлік басылымның өз ойы, пікірі ғана.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.