Қызылорда облысының тұрғынынан кептірілген марихуана тәркіленді

314
Қызылорда облысының тұрғынынан 64 сіріңке қорабына салынған ірі мөлшерде есірткі алынды, – деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 




14 қазан күні “Қарасора – 2022” жедел алдын алу іс-шарасы аясында Қызылорда облысы ПД ЕҚҚІҚБ, ҚР Ұлттық ұланның “Бүркіт” АЖ және Жаңақорған АПБ-ның қызметкерлері бірлесіп, облыс тұрғынының тұрғылықты жерінен 64 дана сіріңке қорабына салынған салмағы 557 грамм болатын ірі мөлшерде кептірілген марихуана анықталып, оқиға орнында құрықталды. 

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

 Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 297-бабымен (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.