Павлодарда бала уланды: фармацевт дәрілерді шатастырып алған

288
Павлодарда фармацевт дәрі-дәрмектерді шатастырып алып, салдарынан 3 жасар бала антидепрессанттармен уланып қалды, - деп хабарлайды  Opennews.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Полицияға кішкентай баланың улану дерегі бойынша қоңырау түскен.

"Қала тұрғыны Лермонтов көшесіндегі дәріханалардың бірінде дәрігер жазып берген рецепт бойынша 3 жасар балаға дәрі-дәрмек сатып алған. Дәрі қабылдағаннан кейін баланың жағдайы нашарлап, құса бастаған. Павлодар қаласының тұрғыны дереу жедел жәрдем шақырып, бала ауруханаға "антидепрессанттармен улану" диагнозымен жатқызылған. Кейін фармацевт қала тұрғынына дәріні қателесіп сатқаны белгілі болды", - деді Павлодар облысы ПД баспасөз қызметі өкілдері.


Дерекке қатысты ҚР ҚК-ның 317-бабы ("Медицина немесе фармацевтика қызметкерінің кәсіби міндеттерін тиісінше орындамау") бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.