Полиция инспекторы жүргізуші куәлігін алып беру үшін ірі көлемде пара алған

170

Ақмола облысында патрульдік полиция инспекторы алаяқтық 3 жылға сотталды, - деп хабарлайды “Opennews.kz” ақпарат агенттігі.


Сотта анықталғандай, сотталушылар үш адамның сеніміне кіріп, жүргізуші куәлігіне емтихан тапсыру кезінде көмектесуге уәде еткен. Сол үшін ақша алған. Кейін оларды мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталығына жіберген. Алайда, үш адамның біреуі емтиханды өз күшімен тапсырса, қалған екеуі емтиханнан өте алмай қалған.


Алаяқтықтың үш эпизоды бойынша жіберленушілерге 165 мың, 250 мың және 350 мың теңге көлемінде зиян келтірілді. Сотталушылар үш адамға жасаған алаяқтық қылмысын мойындады. Олардың кінәсі жәбірленушілер мен куәгерлердің айғақтары, сот-видеофонография сараптамаларының қорытындысымен дәлелденді. Сонымен бірге «Kaspi Bank» шотынан ақша аударылғандығы туралы түбіртек көшірмелері, жәбірленушілермен жазған хат-хабарлары алынды.


Жаза тағайындау кезінде сотталушылардың қылмыстық жауаптылығы мен жазасын жеңілдететін мән-жайлар – шын жүректен өкінуі, кінәні мойындауы, келтірілген залалдың орнын толтыруы ескерілді.


Сот үкімімен полиция инспекторы Қылмыстық кодекстің 190-бабының 3-бөлігі 2 және 4-тармақтары бойынша кінәлі деп танылып, 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Сонымен бірге ол өмір бойына мемлекеттік қызмет атқару құқығынан, полицияның аға лейтенанты атағынан айырылды.


Ал оның сыбайласы Қылмыстық кодекстің 28-баптың 4-бөлігі 190-бабы 5-бөлігінің 2 және 1-тармақтары бойынша 4 жылға бас 6остандығы шектеліп, пробациялық бақылау белгіленді.


Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.