ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАЛЫҚ ПАРКІНДЕ САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ НЕГЕ ҚАРАЛМАҒАН?

529
Қызылорда қаласының әкімдігі балалар күніне орай ұйымдастырған 5 тегін аттракционында қауіпсіздік шаралары қарастырылмаған, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 

 1 – маусым халықаралық балаларды қорғау күні. Балалардың асыға күтетін мерекелерінің бірі десек, бүлдіршіндерімізді қуантуда жыл сайын жергілікті әкімдік тарапынан тегін балмұздақтар таратылып, қала әкімдігіне тиесілі демалыс паркінінің біршама әткеншектері ақысыз қызмет көрсетеді.  Жыл сайынғы дәстүр осы жылы да өз жалғасын тапты.
Әлеуметтік желідегі әкімдік парақшасына 

Түрлі концерттерді тамашалаймыз деп таңның атысын күткен балалар бүгінгі мерекені сарыға күткені белгілі.  Алайда, демалыс паркінде орналасқан аттракциондардың тегін түрі саусақпен санап аларлықтай. Тіпті жаға жыртысып, жұдырық ала жүгіргендер сенің балаң емес менің балам мінуі тиіс дегендер де бар.  Ал, әкімдік тарапынан берілген 5 аттракционның бірінен  соңы бірі қызып, істен шығып жатқандығы да бар.
Дәлірек айтқанда, «Ғamily swinger» атты  аттракционға міну үшін бүлдіршіндер 1-2 сағатқа жуық ұзын сонар кезекте тұруы тиіс. Ал,  кезек реттілігіне қарамай жармаса жүгірген бала да жетерлік. Осы орайда, 2 сағатқа жуық кезекте тұрған көпбалалы аналардың айтуынша, жылда осы әрекет. Цирк қызметі болмады, тегін әткеншектер санаулы қалғаны 500 теңге мен ең арзаны 300   теңгені құрап отыр. Тегін балмұздақ дегенді естімедік те берілмеді де,- дейді Сыздықова Айымкүл.




Балалардың қауіпсіздігі мен сақтық шаралары сақталмаған. Айналмалы цептің жанынан топырлаған бала. Бірінің үстіне бірін міңгестіре отырғызылған қауіпсіздік пен сақтық шаралары жайында қалған. Ұзын сонар кезектің де келер уақыты тым ұзақ. Себебі техникалық ахаулар орын алып жатыр деген қызметкерлер әлсін-әлсін әткеншектерді өшіруде. Бұл   «Телекомбат»  аттракционы



Сонымен қатар, «Merry go round» ,   «Кiddie whell»   және «choco cups» сынды бүлдіршіндерге арналған аттракциондары  да балапандарды қуантуға ат салысып, талапқа сәйкестендіріп сақтық шараларын сақтай отыра қызмет жасағандарды аңғаруға болады. 
Десек те, 5 әткеншекке телміре қараған бүлдіршіндер мен оқушыларда көп.   Бір ата-анаға кемінде 3-4 баламен келген.  Солардың бірі 6 баласын ерте келген «Күміс алқалы» аналарымыздың бірі Алтын:
«5 әткеншекке телміртіп қойды, қалғандары 500 теңгеден екен. бір күнге барлық аттракциондарды тегін етсе жақсы болар еді. Себебі бала көп, тегіні 5-еу ғана. Оның үстіне балмұздақ, тәтті мақта тегін беріледі деген. Ол да болмады. Жылдан жылға балаларға берілетін мерекедегі тартулар азайып келеді» , - дейді көпбалалы ана.



 Әкімдік тарапынан балалар күніне орай ұйымдастырылған іс-шараның  балалар денсаулығына нұқсан келтіретін жағдайларды алдын-алу мен қауіпсіздік шаралары жүргізілмегендігі өкінішті. Алдағы уақытта игі бастамалар өз дәрежесінде атқарылса нұр үстіне нұр болар еді.