ЖИ қазақстандықтарға жұмыс табуға көмектеседі

1 506

Фото:©ChatGPTЕңбек министрлігі жұмыс іздеушілер мен жұмыс берушілерді тиімді байланыстыру мақсатында Электронды еңбек биржасына жасанды интеллект технологиясын енгізді, – деп хабарлайды Opennews.kz ақпараттық агенттігі aikyn.kz сайтына сілтеме жасап.

Жаңа жүйе үміткерлердің дағдылары, жұмыс тәжірибесі және кәсіби біліктілігі негізінде бос жұмыс орындарын автоматты түрде іріктейді. Жаңа жүйе үміткерлердің дағдылары, жұмыс тәжірибесі мен кәсіби біліктілігін саралап, сәйкес бос жұмыс орындарын автоматты түрде ұсынады. Бұл жұмыс іздеу процесін жеделдетіп, жұмыс берушілерге лайықты маманды тез табуға мүмкіндік береді.

«Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ вице-президенті Николай Брюханов қазіргі еңбек нарығында жұмыс берушілер дипломнан гөрі адамның нақты қабілеті мен тәжірибесіне көбірек мән беретінін айтты. Осыған байланысты платформаға кәсіби және икемді дағдыларды қамтитын Дағдылар банкі енгізілген.

Электронды еңбек биржасы Skills.Enbek.kz платформасымен біріктірілді. Енді пайдаланушылар оқыған курстары мен алған сертификаттары туралы мәліметтерді автоматты түрде өз профиліне енгізе алады. Бұл жұмыс берушілерге үміткердің біліктілігін нақты бағалауға көмектеседі.

Мамандардың айтуынша, жасанды интеллект жүйесі болашақта еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандықтарды болжауға және азаматтарға кәсіби бағдар беруге де мүмкіндік береді.