Әкімдік жолдағы шұңқырларды кірпішпен жамап қойған

1 165
Атырау әкімдігі жолдағы шұңқырларға неліктен кірпіш салынғанын түсіндірді, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.



Әлеуметтік желілерде Атыраудың орталық көпіріндегі және жолдарындағы кірпіш шұңқырлар бейнеленген фотолар тарап жатыр.

Қыс мезгілінде асфальт бетіндегі шұңқырларда кірпіштердің пайда болуы жөндеу жұмыстары басталғанға дейінгі уақытша көрініс. Ал жөндеу жұмыстары Атырауда күн жылынысымен бірден басталады. Жолды жөндеу жұмыстары наурыз айының үшінші онкүндігіне жоспарланған. Күн жылы болса жөндеу жұмыстарын бастаймыз. Бүгінгі шара жүргізушілер үшін қолайсыздықты барынша азайтуға бағытталған, - деді қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Орталық көпірде жазда жамау емес, орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі деп жоспарлануда.



Виктор Сутягин
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.