Делдалдар тоннасы 6,5 мың теңге болатын көмірді екі есе қымбаттатып сатқан
Қазақстанда көмірді бөлшектеп, үлестес делдалдар арқылы сату практикасын қолдану жалғасуда, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Қазір көмір өндіруші компаниялар биржалық сауда-саттықты пайдаланады. Онда олар отынның үлкен көлемін (3 миллион тоннаға дейін немесе жылдық жеткізілім көлемінің 71%-на дейін) жеткізушілерге бірнеше минут ішінде сатады.
Бұл мәмілелер көмірді төлеумен де, жөнелтумен де қамтамасыз етілмейді, сондай-ақ мұндай делдалдардың тиісті инфрақұрылымы (қоймалар, тиеу-түсіру техникасы және басқалар) болмайды. Бұдан әрі делдалдар көмірді 100%-ға дейін жететін үстеме ақымен сатады, – делінген ведомство хабарламасында.
Былтыр жыл соңында «Халық Көмір» ЖШС «Каспий» ТБ» АҚ тауар биржасы арқылы «Қаражыра» АҚ-ынан 120 мың тонна көмір сатып алған. Бағасы – әр тоннасына 6,5 мың теңгеден. Бірақ делдалдың өзі сол көмірді 2 есе қымбатқа сатып, тоннасына 12 595 теңгеден ұсынған.
Агенттік өкілдері көмір нарығындағы бәсекелестікті дамыту бойынша жол картасын қабылдағандарын хабарлады. Бұл құжат қажетті инфрақұрылымы бар көмір тұйықтарына сатылатын биржалық сауда-саттық үлесінің кемінде 50%-ға дейін өсуін қарастырады.
2022 жылы тауар биржалары туралы заңнаманың бұзылуына байланысты БҚА 19 әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс қозғады, 6 тауар биржасы таратылды, оның төртеуі тексеру алдында ерікті негізде және екеуі сот шешімі бойынша тарады, – деп хабарлады баспасөз қызметі.