Танысын өлтіріп, денесін өртеп жіберген: Қанды қылмысқа 10 жыл берілді
1 515
Павлодар облысында танысын өлтіріп, денесін өртеген ер адам 10 жылға сотталды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Оқиға сәуір айында Ақсу қаласында болған. Сотталушы мен марқұм бірге ішімдік ішіп, жанжалдасып қалған. Ер адам әйелді ұрып-соғып, салдарынан ол көз жұмған.
Кейін сотталушы дизель отынын әкеліп, марқұмның денесін өртеген. Сот оны 10 жылға бас бостандығынан айырды. Сонымен қатар жәбірленуші тарапқа 5,5 млн теңге моральдық өтемақы төлеуге міндеттеді.
Қаз
Рус






