Жамбыл облысында тасжолды су шайып кетті: көлік қозғалысы қалпына келтірілді

330
Республикалық Меркі - Шу - Бурылбайтал тасжолында көлік қозғалысы қалпына келтірілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желілерде Меркі-Шу тас жолының Жамбыл облысындағы бөлігінде түсірілген видео пайда болды. Кадрлардан судың қатты ағысы салдарынан тасжол екіге бөлініп, ортасында жарықша пайда болғанын көруге болады.

"ҚазАвтоЖол" ҰК" автокөлік кәсіпорнының баспасөз қызметі мәліметінше, Меркі - Шу - Бурылбайтал жолының 42-97-ші шақырымын су шайып кеткен.
"Эрозияның салдарын жоюға және республикалық автомобиль жолының Мерке - Шу - Бурылбайтал учаскесіндегі жолды қалпына келтіруге байланысты, көлік қозғалысына қойылған шектеулер барлық көлік түрі үшін алып тасталғанын хабарлаймыз", - деді "ҚазАвтоЖол" өкілі.

Компания өкілінің айтуынша, асфальт жамылғысы әлі де қалпына келтіріліп жатыр.
 
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.