Енді петиция авторлары мемлекеттік органдарға өздерінің жеке мәліметтерін беруге міндеттеледі
Енді петиция авторлары өздерінің жеке мәліметтерін мемлекеттік органдарға беретін болады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Ашық НҚА" порталында петицияларға жазбаша өтініштердің нысандарын бекіту туралы заң жобасы жарияланды. Аталмыш заң жобасы 2023 жылдың 27 қазанына дейін қоғамдық талқылауда болады.
Жобаға сәйкес, өтініш беру үшін тегі, аты және әкесінің аты, ЖСН, нақты тұрғылықты мекен-жайы, тіркелген жері және байланыс деректері мен өзі туралы міндетті ақпараттың тізбесі бар өтініш дайындауы қажет. Сондай–ақ, өтініште петиция және оның мазмұнының атауын интернет-ресурсқа орналастыру туралы өтінішті көрсетуі тиіс.
Жоғарыда аталғандардың барлығынан басқа, петиция авторы оған жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін және өтінішке қатысты растайтын материалдарды қоса беруі де міндетті тетіктердің бірі.
Бұдан бөлек, өтінішті жіберу арқылы өтініш беруші ұсынылған ақпараттың дұрыстығы үшін заңнамаға сәйкес жауапты екенін автоматты түрде растайды және оның деректерін өңдеуге келісім береді.
Тиісті жоба 2024 жылдың 4 сәуірінен бастап қолданысқа енеді.