Ер адам кіреберісте ілулі тұрған әйелдің іш киімін ұрлап кеткен

1 513

Фото: Видеодан скриншотМаңғыстау облысының орталығы Ақтауда тұрғын үй подъезінде кептіріліп тұрған әйелдер ішкиімінің ұрлануына байланысты тексеру басталған,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға сәті түсірілген бейнежазба жергілікті Instagram-пабликтердің бірінде жарияланған. Кадрлардан ер адамның подъездегі кептіргішке жақындап, әйелдерге арналған бюстгальтерді абайлап шешіп алып, пакетіне салғаны, кейін оқиға орнынан кетіп қалғаны көрінеді.

Аталған жағдайға Маңғыстау облысы полиция департаменті түсініктеме берген. Құқық қорғау органдары бұл дерек бойынша тексеру басталғанын мәлімдеген.

"Бейнежазбада бейнеленген ер адамның жеке басы анықталып жатыр. Тексеруден соң оның әрекеттеріне құқықтық баға беріліп, тиісті процессуалдық шешім қабылданады", – деп хабарлады полицияның баспасөз қызметі.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.