Ләззат Бақтыбаева: «БІЗГЕ БАСҚАРМАНЫҢ ДА КЕРЕГІ ЖОҚ»

1 167
Қазіргі таңда ашық үкімет  болса да, өз дегенін іске асырып,  мемлекеттік сатып алу саласындағы сыбайластықтың алдын алу барысы бойынша «Әділдік жолы»  Республикалық қоғамдық бірлестігінің Қызылорда облыстық филиал басшысы Ләззат Бақтыбаевамен «Opennews.kz» ақпарат агенттігінің журналистері сұхбаттасқан болатын.

Елбасымыз әділдік пен ашықтықты талап етсе де, сыбайластықтың шегі бітер емес. Өңіріміздің мемлекеттік сатып алу барысында жіберілген олқылықтардың бірегейін «Әділдік жолы» қоғамдық бірлестігінің басшысы Ләззат Бақтыбаеваның арнайы жүргізген мониторинг жариялымдарына пікір білдірген. Осы орайда, 




- Мемлекеттік сатып алу барысында қандай қателіктер басым, яғни осы сатып алудың біз білмейтін кем тұстары бар ма? 

- Әрине бар, тіпті жетерлік. Жалпы сатып алудың бір кемшілігі ашықтық деп танылғанымен, ол жерде ПСД – ның қолжетімсіздігі. Біз білмейміз де көрмейміз де оны. Негізі сол ПСД-ны көрсек,  біліп отырар едік. Салынуы керек нысан салынбай, алыну керек дүниелер алынбай жатыр, тіпті бағаны артық қою белгісі жиілеп барады. Бүгінгі күнде ұдайы түрде осы мәселе орын алмас үшін біз арнайы мониторинг жасап отыруымыз да осыдан.  Цифрландырылған дәуір болса да айла амалдарын тауып, өз дегенін іске асырып жүргендер де бар. Өткен жылы бір аурухана бір кострюльді 2 миллион теңгеге алмақ болған секілді. Одан қалды бір мекеменің белгілі бір кәсіпкермен барлық қызметтерін атқарып жүргендігі. Мысалға атап айтқанда кәсіпкер универсал болып кеткен секілді. Яғни ол кәсіпкер тауар жеткізуші, құрылыс заттарын сатушы, тіпті мерекелік кештерді ұйымдастырушы болып та сатып алу барысында конкурс жеңімпазы болатындығы да кездесіп жатады.  Одан қалды нарықтан 10 миллиондап, 20 миллиондап айналымда жүріп, салыққа болар болмас есеп көрсетіп, жалтару айғағы да кездеседі.  

- Мемлекеттік сатып алу бүгінгінің бизнесіне айналып кеткен жоқ па? Яғни бір апта да миллионер болу мүмкіндігі туып отырған секілді 

- Расымен де ондай мүмкіндік те туып отыр. Мен қазір арнайы мониторинг жариялап, әлеуметтік желіге анық көрсетіп бүгінде (PRO)   Проза 1, 2, 3, 4 деп әдейілеп халыққа түсінікті болсын деген оймен бөліп,  жариялап жатырмын. Ол дүниенің жалғасы бар деген сөз.   Осы бір апта да миллионер болу мүмкіндігін тудырған «Қызылорда су жүйесі» МКК –ның  мемлекеттік сатып алуға енгізген хабарландыруына конкурс жарияланбай, бір ғана сөйлеммен берілген. Кез-келген адам мұны көре алмайды, яғни бір көзден кетіп отыр. Оның ішінде заңгерлік көмекті сұрап отыр. Біле білсек, ол мекеме де білдей 5 заңгердің отырғандығы тағы бар.   Ал, мекеме өзі 700 жұмысшыға айлық төлей алмай отырып, 1 миллион 300 мың қаражатты құқықтық қолдау көрсету мақсатында жұмсап отыр. Осы орайда, мекемедегі заңгердің қызметі не үшін? Айлық төлеуге заңгердің қажеті қанша? Есепші маманы бар емес пе? Олардың қызметтері немен бітеді? Мен үшін осының бәрі түсініксіз болып отыр. Бір аптаға миллион қаржыны ысырапшылдық еткендігі. 

- Жемқорлықтың бейнесіндей мен мұндалаған сатып алудың құжаттарынан шикілікті көре көзге көрсетіп, айқындап беріп жүрсіз алайда құзырлы орындардан нәтиже бар ма? 

- Бүгінгі күні біздің жоспарда «Әділдік жолында» Көкшетау облысында тексеріс барысында анықталып, қылмыстық іс қозғалуға жолданып отыр. Біздің тарапымыздан анықталған үлкен көлемдегі ақша жымқыру, қызметті дұрыс пайдаланбау секілді фактілер құзырлы органдарға жолданып отыр. Қылмыстық іс қозғалады деп күтілуде. Өйткені «Әділдік жолы» бірлестігі ашылғаннан кейін ең бірінші Қазақстан Республикасы  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен серіктестік меморандумға отырған. Әрбір заң  бұзушылық қылмыстың жазасы бар және болады да. Ол қанша жылдық уақыты өтсе де жауапкершіліктен алынбайды. 

- Қыруар қаржыны талап ететін жобалық-сметалық құжаттарды, яғни ПСД-ның  жасалуына өзіміздің облыстық  сәулет- құрылыс басқармасы қызметкерлері атсалысса, яғни сол қызметкерлер дайындаса  қаражат   үнемделер ме екен? 

- Бұл ойыңызбен   түпкілікті келісемін. Осы мекемелерге орналасқан қызметкерлерді іріктеп, таразыланып жұмысқа алынды ғой. Біз неге артық  шығын жұмсауымыз  керек? Осы басқармалар түптеп келгенде бізге керек емес. Себебі, жобалық-сметалық құжаттың авторы басқа, техникалық бақылаушы мүлдем басқа, ал  салып отырған кәсіпкер тіптен басқа. Ал басқарма тек қана мемлекеттік сатып алуға бергендігі болмаса. Тіпті тапсырыс беретін мекеме басқармалар емес, Мемлекеттік сатып алу басқармасы ғой. Сонда біздің көріп отырғандығымыз барлығын жекеге беретін болсақ, жауапкершілік мемлекеттік қызметкерлерде болмаса, қажеті қанша басқармалардың? Қарапайым, мерекелік іс-шаралар үшін білдей мекемелерде бөлім басқармалардың, ішкі саясаттардың бір әлеуметтік марапаттау үшін қоғамдық бірлестіктерге тапсырыс берудің не қажеттілігі бар деген сауал туады еріксіз. Осы орайда басшылық ойға келу керек секілді. 

- Мемлекеттік сатып алуда тапсырыс берушілерге алып-қосарыңыз бар ма? 

- Мен осы мәселені жиі көтеремін. Әрбір басшы сатып алушы етіп, тұрақты бір маманды заңды, экономикалық тұрғыда жан-жақты дамытылған маманды бекітуге кеңес беремін. Себебі бір маманды арнайы жан-жақты оқыту курстарына жіберіп, дәрежесін жоғарылатып отырса. Сонда ғана ол тендрдің жауапкершілігін сезінеді. Қажетті маманды өз дәрежесінде оқытылуы керек.  
 
- Алдағы күнге жоспарыңыз қандай?
 
- Біз Қазақстанда өз орны бар «Ұлттық Сапа» орталығымен бірлесу жоспарымызда бар. Сатып алуға мониторинг жасайтын маман алып, келесі жылдан бастап, кеңейеміз. 
 
Көңіл бөліп, сұхбат бергеніңізге,Рақмет!


Айгерім РАХЫМЖАНҚЫЗЫ