Елімізде алғаш рет қой қырқу сайысы өтті

378

Фото: видеодан скриншотҚазақстанда алғаш рет қой қырқу сайысы өтты. Бұл сайыста Жамбыл облысының тумасы жеңіске жетті.
Сайыс табалы бойынша үміткер санаулы уақыт ішінде 15 қойды қырқып бітуі тиіс. Дегенмен әр қатысушының жылдамдығы әрқалай болған. 


Бірі бір қойды бір минуттан аса қырықса, енді бірі төрт минутқа дейін уақыт жұмсаған. Осылайша, жарысқа қатысқан 22 үміткер екі сағат ішінде 300-ден астам қойды қырқып үлгерген. 


Ал қой қырқудан алдына жан салмаған Жамбыл облысының тумасы Нұрбол Кең сайыс жеңімпазы атанған. 


Ол 15 қойды 27 минутта қырқып, рекорд орнатты. Сайыс жеңімпазына 150 мың теңге мен құны мың еуро тұратын немістің қой қырқу машинасы берілген. 


"Бір қойды бір жарым минутта қырықтым. Қой ауыр болып қалды, менің уақытым негізі 40 секунд. Өзімнің жеңісіме ризамын", - дейді Нұрбол Кең.


 Нұрбол бір күнде 250 қой қырқып рекорд орнатқан кезі де болғанын атап өтті. Ер адам көктемнен бері 5 мың қой қырыққан. 


Тағы бір қатысушы жарыстың оңай болмағаны айтады.


 "Оңай болған жоқ. Қойдың салмағы да ауыр болды" , - дейді Жамбыл облысының өкілі Руслан Қарымбаев.


 Ұйымдастырушылар енді мұндай сайыстарды дәстүрлі түрде шопандар күнінде ұйымдастырып тұрмақ. Биыл алғаш рет өтіп отырғандықтан, қатысушыларға талаптың аса жоғары болмағанын жеткізді. Келер жылдан қырқудың сапасына мән берілмек.