Сырдария ауданында «Мерейлі отбасылар» марапат төрінде
Бүгін Сырдария ауданында отбасы құндылықтарын дәріптейтін маңызды шара – «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының аудандық кезеңі өз мәресіне жетті. Аудан әкімінің қолдауымен өткен салтанатты жиында елге үлгі болған, ұрпаққа өнеге көрсетіп келе жатқан отбасылар құрмет төріне көтерілді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Шараға аудан әкімі Берік Сәрменбаев арнайы қатысып, жеңімпаз жанұяларды марапаттады. Өз сөзінде аудан басшысы ұлттық болмысымыздың негізі саналатын отбасының қоғамдағы маңызы мен бүгінгі байқаудың тәрбиелік мәніне ерекше тоқталды.
– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев:
Берік Әбдіғаппарұлы өз сөзінде:
Биылғы байқауға аудан бойынша 17 отбасы қатысып, қазылар алқасының шешімімен үздік деп танылған отбасылар төмендегідей жүлделі орындарға ие болды:
1 орын – Аманкелді ауылынан Жансейітовтер отбасы
2 орын – Шіркейлі ауылынан Әбсадықовтар отбасы
3 орын – Шаған ауылынан Бөжековтер және Бесарық ауылынан Құлмағанбетовтер отбасы
Сондай-ақ, бірқатар отбасылар арнайы номинациялар бойынша марапатталып, естелік сыйлықтарға ие болды. Атап айтқанда, «Ұрпақтар сабақтастығы», «Татулық пен ынтымақ шаңырағы», «Үлгілі ата-ана» сияқты марапаттар берілді.
Аудандық кезеңнің жеңімпаздары – Жансейітовтер мен Әбсадықовтар отбасылары енді облыстық кезеңде аудан намысын қорғайтын болады.
Бұл байқау – отбасы берекесі мен ұлттық құндылықтарымызды ұлықтауға бағытталған тың қадам. Осындай игі шаралар арқылы өскелең ұрпақты өнегелі өмір сүруге, отбасындағы татулықты қадірлеуге тәрбиелеу – басты мақсат.







