Зейнетақы мөлшерін ұлғайтып бермек болған алаяқ 950 мың теңгені қалтасына басқан

193
Тараз қаласының Полиция басқармасына алаяқтық дерегі туралы облыс орталығының 60 жастағы тұрғыны шағымданды, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.



Азаматша ер адамның сеніміне кіріп, зейнетақы төлемдерін көбейтуге көмектесу сылтауымен оның 950 мың теңгесін алдап алып, иемденіп кеткенін хабарлады.

Алайда жәбірленушіге уәде етілген көмек те көрсетілмеген, ақшасы да қайтарылмаған.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы 1-бөлігімен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде полиция қызметкерлері күдіктіні ұстады, - деп жазады Polisia.kz. 

Ол 38 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты. Ұсталған азамат өз кінәсін толығымен мойындады.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.