Медицина студенті ерекше қажеттілігі бар науқастарға нәжісін жегізіп, азаптаған
Астанада ерекше қажеттілігі бар науқастарды азаптаған медицина факультетінің студенті 7 жылға сотталуы мүмкін, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Студент жұмыстан шығарылғаннан кейін балаларды оңалту орталығында ерекше қажеттілігі бар науқастарды азаптауды жалғастырған. Ол бұған дейін егде жастағы науқастар мен ауыр диагноз қойылған балаларды қорлаған. Хосписте жұмыс істеп, науқастарды ұрып-соғып, олардың нәжісін жеп жатқанын видеоға түсірген. Медицина факультетінің студенті өз кінәсін мойындады.
Жәбір көрген науқастардың жақындары студенттің бұл әрекетін түсінбейтіндерін жеткізді.
Енді студент “азаптау” бабы бойынша 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.