Ата-аналар мектеп асханасындағы тегін тамақты ұялы телефон арқылы бақылай алады

1 562

Sputnik / Владислав ВодневОқу-ағарту министрлігі цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесе отырып, eGov Mobile мобильді қосымшасында "Әлеуметтік әмиян" арқылы мектептерде тегін тамақтандыру бойынша пилоттық жобаны іске қосты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап.


Жоба ата-аналарға қызметті проактивті түрде алуға, балаларының мектеп асханаларына баруын бақылауға және жеңілдікпен тамақтану үшін цифрлық ваучерлерді пайдалануға мүмкіндік береді.


“Қазір тамақтандыруды есепке алу және тіркеу жүйелері 15 өңірдегі 250 мектепте жұмыс істейді. Жобаны кеңейту үшін мектептерді тамақтандыруды есепке алу мен тіркеу жүйелерімен қамтамасыз ету және оларды "Әлеуметтік әмиян" жүйесімен интеграциялау жұмыстары жүргізіліп жатыр”, – деп мәлімдеді оқу-ағарту министрлігі.


Пилоттық жоба Ақмола, Маңғыстау облыстарында және Астана мен Шымкентте сынақтан сәтті өтті. Мектептердің дайындығына қарай біртіндеп енгізіледі. 


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.