Спорт ардагерлері болған: жантүршігерлік көлік апатынан 7 адам ажал құшты
Алматы-Бішкек тас жолының 129-ыншы шақырымында шағын минивен жүк көлігінің тіркемесімен соқтығыстып, 7 адам қаза болды. Оның ішінде спорт ардагерлері болған, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Алматы облысының полициясы жол-көлік апатының салдарынан жеті адам қаза тапқанын хабарлады. Honda Odyssey жүргізушісі алда келе жатқан HOWO жүк көлігінің тіркемесімен соқтығысқан.
Ұлттық Сурдлимпиада комитетінің вице-президенті Арсен Шақуов 7 адамның өмірін қиған жол апатына байланысты жаңа деректермен бөлісті.
Оның айтуынша, жантүршігерлік жол апатында жан тапсырған 7 азаматтың бесеуі спортшы — Сурдлимпиада ардагерлері болған.
Ол қаза тапқан спорт ардагерлерінің есімін жариялады:
• Асыл Ибрайымов — есту қабілеті бұзылған спортшылар арасындағы футбол жаттықтырушысы.
• Дмитрий Мочальский — шахматтан Сурдлимпиада чемпионы, шахматтан есту қабілеті бұзылған спортшылар арасындағы Еуропа чемпионы.
• Сәкен Смағұлов — есту қабілеті бұзылғандар арасындағы футбол ардагері, есту қабілеті бұзылғандар арасындағы футболдан ұлттық құрама мүшесі.
• Сергей Волковинский — есту қабілеті бұзылғандар арасындағы футбол ардагері, есту қабілеті бұзылғандар арасындағы футболдан ұлттық құрама мүшесі.
• Серік Молдашев — есту қабілеті бұзылғандар арасындағы футбол ардагері, есту қабілеті бұзылғандар арасындағы футболдан ұлттық құрама мүшесі.







