«Сергек» камераларынан түсетін қаржы көлемі белгілі болды

338
Алматы қалалық полиция департаментінің Әкімшілік полиция басқармасы бір жылда «Сергек» камераларынан бюджетке қанша қаржы түскенін мәлім етті,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

Алматының жүргізушілері жол қозғалысы ережесін 1 млн 312 мың рет бұзған.  

«2021 жылы жалпы сомасы 9 млрд 373 млн 600 мың теңгені құрайтын 1 млн 312 мың құқық бұзушылық тіркелді», – деп хабарлады басқармада.

Сондай-ақ жол полициясы Алматы жолдарында ең жиі кездесетін заң  бұзушылықтарды атады.  

«Алматы қаласында Қазақстан Республикасының жол қозғалысы ережелерін бұзудың жиі кездесетін түрі ӘҚБтК-нің 601-бабының 1-бөлігінде көзделген жол белгілерінде немесе жолдың жүру бөлігінде көрсетілген таңбаларды сақтамау», - деп хабарлады басқармада. 
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.