Нұр-Сұлтанда 2 жасар бала жетінші қабаттан құлай жаздады

309

Нұр-Сұлтан қаласында жасөспірім жігіт жетінші қабаттан құлай жаздаған бүлдіршінді құтқарып қалды, - деп хабарлайды «Opennews.kz» ақпарат агенттігі.


"13 шілде күні терезеден шамамен 2 жасар бала құлап кете жаздады. "Шерқала" тұрғын үйі. Біз бір сағат бойы оның пәтеріне кіре алмадық. Жасақ шақырдық. Бұл жағдай барлығына сабақ болсыншы деп сұраймын. Ата-аналар, балаларыңызға сақ болыңыздар. Терезеге қорғаныш торын қойыңыздар", - делінген zhaloby___astana парақшасында жарияланған видео сипаттамасында.  

Бүлдіршінді 17 жастағы жасөспірім жігіт құтқарған. Көп балалы отбасынан шыққан жігіт өз өмірін қауіпке тікті. Жігіттің бір терезеден екінші терезеге өтіп, москит торын шешіп алған сәтін кадрдан көруге болады. Ол мұндай қадамға не үшін барғанын түсіндірді. 

"Болашақта менің де балаларым болса, оларға біреу көмектессе жақсы деп ойлаймын",  деді ол. 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.