Қызылорда қаласы әкімі кімнен қорғанып жүр?
Қызылорда қаласының әкімі Асылбек Шәменовтың қала тұрғындарымен кездесуі барысында күзетшілері мен нөкерлері қала тұрғынына сұрақ қойдырмай кедергі келтірген, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Батырхан Шүкенов атындағы саябақта қала әкімі Асылбек Шәменов қала тұрғындарымен кездесу өткізген. Десек те, қала әкіміне сауал қоюға асыққан Youtube желісінде «Orda.tv» каналының жүргізушісі:
Қала әкімінің не жасырғаны болды? Әкімге сауал қойдырмауына не себеп? Бұл жөнінде қала әкімінің баспасөз хатшысы:
Десек те, қала әкімінің кездесуін қалалық және облыстық телеарналар мен газет беттеріне арнайы жариялағандығын атап өтті. Алайда аталған жариялымдарын таба алмадық.
Бұл жөнінде желі қолданушылары:
Иа, желі қолданушылары өз пікірлерін ашық жазуда. Бірі кездесуге мұғалімдер мен бата беретін ақсақалдар ғана жиналған десе. Екіншілері көзбояушылық кездесуге балап пікір қалдыруда. Алайда қала әкімдігінің баспасөз хатшысы бұл ақпараттарды жоққа шығаруда.