Тұрғындар 20 мысық асырайтын зейнеткерге шағымдануда

2 520

Фото: zoohumanism.comАлматы қаласында бір бөлмелі пәтерде 20-ға жуық мысық асырайтын жалғызбасты зейнеткердің көршілері шағымданды,-деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 

Тұрғындардың айтуларынша, үйде тазалық сақталмаған, мысықтардың нәжісі жиналмаған, ал сасық иіс бүкіл аулаға тарап кеткен. Көршілер пәтерді бірнеше рет көріп, жағдайдың адам тұруға жарамсыз екенін айтқан. “Тазалық жоқ, үйден иіс шығып тұр, пәтерде қоқыс та көп,” – дейді олар.

Полиция тек айыппұл салуға ғана құзыретті екенін айтып, тұрғындарға бірлесіп арыз жазуды ұсынды. Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет пәтерді тексеру үшін жұмылдырылмақ.