Жалағашта «Діни радикализмнің себептері мен қауіптері» тақырыбында кездесу өтті

1 214

Қоғамдық даму бөлімінің баспасөз қызметіБүгін аудандық Руханият орталығында Республикалық Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі, Астана қаласындағы Л.Н.Гумилев атындағы Евразия ұлттық университетінің  аға оқытушысы, философия ғылымдарының кандидаты, дінтанушы, теолог Кеңшілік Тышханұлының қатысуымен «Діни радикализмнің себептері мен қауіптері» тақырыбында кездесу өтті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Жиынға дін саласы бойынша аудандық ақпараттық-түсіндірме тобының мүшелері, барлық білім беру ұйымдарының мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, психолог мамандары, дінтану пәнінің мұғалімдері мен кент тұрғындары қатысты.

Кездесуде аудандық қоғамдық даму бөлімінің басшысы Жасұлан Еспенбет модераторлық етті. 

Аудандық қоғамдық даму бөлімінің басшысы Жасұлан Ерданұлы егемен ел болып қалыптасуымыз, мемлекетіміздің өсіп, өркендеуінде діннің алатын орнын, дiн мен мемлекеттiң түйiсер жерi – елдiң тұтастығы жəне қоғамның ауызбіршілігі мен тұрақтылығы екенін атап өтіп, екi тараптың өзара бiрiгiп əрекет ететін кеңiстiгiн, оның құқықтық тетіктерін уақыт талабына сай айқындап жəне жетілдіріп отырудың маңызы зор екеніне тоқталды.  

Мұнан ары сөз алған дінтанушы теолог Кеңшілік Тышханұлы әлеуметтік желінің дінге ықпалы, діни радикализм турасында сөз қозғап, кездесуге қатысушыларға біздің рухани құндылықтарымыз – дініміз бен дәстүріміздің терең тамырлы байланысының тағылымды туындысы. Сондықтан дін мен дәстүр бірлігі – өткеніміздің тарихы, болашағымыздың кепілі екенін жеткізді.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.