ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚТАР АУЫЗСУ МЕН ЭЛЕКТР ЖАРЫҒЫНА КӨҢІЛДЕРІ ТОЛМАЙТЫНЫН АЙТУДА

4 623

Қызылордадалық тұрғындар шешімін таппаған ауыз су мен электр жарығының мәселесіне байланысты наразылықтарын жазуда, - деп хабарлайды «Opennews.kz» ақпарат агенттігі.


Өңірімізде шешімін таппаған бірқатар мәселелер бар. Солардың бірі тозығы жеткен электр желілері мен тұтынып отырған ауызсу мәселесі.  Бұл бүгінгі күні облыста  өте өзекті мәселе болып тұр. Себебі көтерілген тақырып әлі күнге дейін шешімін таппай келеді. Бұған нөсер жауын жауса, қатты жел соқса жарықтың жиі өшетіні айқын дәлел. Жыл басталған күннен еліміздің барлық аймағында күн райы айтарлықтай құбылып тұр. Қатты жел мен дауылға төтеп бере алмайтын электр бағандары мен желілердің тозып тұрғаны бұған дейін де айтылып келеді. Бұл мәселе күн тәртібінен түскен емес. Алайда жыл сайын құрғақ сөз күйінде қалып отыр. Оны қалпына келтіруге асығар емес. Басты себеп, қаржы тапшылығы қол-байлау болып тұрғанымен шектеледі. Ала жаздай қыстың қытымыр мінезіне сақадай сай екендігін айтқан құзырлы орындардың сөзі құр дақпырт екені осы ахуалдан-ақ байқалды.  Төтенше жағдайға төтеп бере алмайтын күйде екені өздігінен дәлелденді. 


«Ақмешіт мөлтек ауданында әр ай сайын тұрақты түрде ауызсу тоқтайды. Кем дегенде күніне 1-2 сағат уақыт аралығына өшіріп тастайды. Шұғыл байланыс номеріне хабарлассақ  апат болды, жөндеп жатыр деген тсылтаулары таусылар емес. Жарық өшсе су да жылуда мардымсыз болады. Тіпті ауызсудың түсі өніп кеткен, ішу.ге жарымсыз күйде беріледі. Хабарлассақ тазалап жатырмыз деп құтылады. Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев қала әкімі болып 8 жыл қызмет етті. Қазір облыс әкімі осы ретте бәрін толық меңгеріп, қаланың ішкі мәселесін бес саусағындай игеретін уақыт болды. Әкімдердің қала аралып, ел кезгенінен не пайда? Мәселе шешілмесе?»- деп жазды желі қолданушысы

Қалаға қарасты ауылдарда халық ауыз су мен жарыққа зәру. Жол тартылмаған, тіпті кей көшелерде жарық та жоқ. Шахарға тиіп тұрған ауылдан жер телімін алып, үй салып жатқандар көп. Алайда инфрақұрылымы жүргізілмеген ауылдарға басшылық назар аудармағаны ма? Қала ішін аралап жүрген атқа мінер азаматтар назарға алмауына не себеп?

Десе де, мәселенің қай кезде, қалай шешілері беймәлім. Ал тұрғындар әлі күнге сарғайған сары су ішіп отыр.  «Тазалау жұмыстары жүріп жатыр» деген, «Назарға алынды» деген сияқты жаттанды сөзге әбден құлақ үйренді. 

Иә, адам баласы тамақсыз 30 күн шыдауы мүмкін. Ал сусыз бір аптадан артық өмір сүре алмайды. Сондықтан тіршілік нәрі аталған сапалы әрі таза суға қолымыз жетсе деген халықтың мәселесі оң шешілсе екен дейміз.