Жүргізуші велосипедшіні қағып кетті
Павлодар облысының Полиция департаменті 23 мамырда Екібстұз қаласында Әуезов көше бойында «ВАЗ-2106» маркалы автокөліктің жүргізушісі жолдың ортасында тұрған велосипедшіні қағып кеткенін мәлімдеді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Павлодар облысының Полиция департаменті жолда велосипедшілер, басқа көліктер мен жаяу адамға жол беру керектігін еске салады. Велосипедшілерге жаяу адам жолымен велосипедтің үстінде отырып жүруге, сондай-ақ бұрылуға рұқсат етілмейді. Сондықтан велосипедтен түсіп, жаяу адам сияқты жолдан өту керек.
Тағы да оқыңыздар

Қаз
Рус





