Сырдария аудан әкімінің қатысуымен фракция отырысы өтті

1 223

Фото: Сырдария Ауданының ӘкімдігіБүгін Сырдария ауданының әкімі Б.Сәрменбаевтың қатысуымен аудандық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының отырысы өтті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Отырысты аудандық партия филиалының төрағасы Е.Әжікенов ашып, жүргізіп отырды. Сонымен қатар, айтулы шараға аудан әкімінің орынбасарлары және БАҚ өкілдері қатысты. Отырыстың күн тәртібінде төмендегідей мәселелер қаралды:

1. «Ауыл аманаты» жобасының Сырдария ауданында орындалу барысы туралы Сырдария ауданының әкімі Сәрменбаев Берік Әбдіғаппарұлының хабарламасын тыңдау;

2. Партияның сайлауалды бағдарламасы аясындағы жол картасының орындалу барысы туралы аудан әкімі орынбасарларының хабарламаларын тыңдау;

Күн тәртібі бірауыздан бекітілген соң, алғашқы мәселе бойынша аудан әкімі Берік Әбдіғаппарұлы «Ауыл аманаты» жобасының Сырдария ауданында орындалу барысы туралы хабарлама жасап, фракция мүшелерінің бірқатар сұрақтарына жауап берді. Күн тәртібіндегі келесі мәселе бойынша аудан әкімінің орынбасарлары хабарлама жасады. Партияның сайлауалды бағдарламасы аясындағы жол картасында 2024 жылы Сырдария ауданы бойынша 45 іс-шара белгіленсе, бүгінгі күнге 22 іс-шара орындалып, 23 іс-шара орындалу үстінде.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.