ХАЛЫҚТЫҚ ШТАБ ӨКІЛДЕРІ ҚОС АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Сыр өңіріндегі жұмыс сапары барысында АЭС-ті қолдау жөніндегі республикалық Халықтық штаб басшысы, Мәжіліс Спикері, «AMANAT» партиясының Төрағасы Ерлан Қошанов, штаб мүшелері «Ауыл» партиясының төрағасы Серік Егізбаев, Ядролық физика институтының бас директоры Саябек Сахиев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ринат Заитов Қазақстан аумағына күріш өсіретін шаруашылықтарымен танымал Сырдария ауданына қарасты Ақжарма және Нағи Ілиясов ауылдарында болып, жергілікті тұрғындармен, ақсақалдармен кездесті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Штаб мүшелері тұрғындармен әңгімелесу барысында ауылдық аумақтарды дамыту перспективалары мен ауыл тұрғындарын толғандырған өзекті мәселелерге егжей-тегжейлі тоқталды.
Кездесуде сөз алған «Ауыл» партиясының Төрағасы Серік Егізбаев ауыл тұрғындарын алдағы референдумға белсенді қатысуға шақырды.
Қос ауылда өткен кездесулер барысында елдегі ағайын АЭС –ке қатысты сан аулан пікірлердің шынайылығы мен нақтысын ауылға арнайы ат басын бұрып келген нағыз сала мамандарынан естіп, елдің болшағы үшін қолға алынғалы отырған бастаманың сәтті жүзеге асуын тіледі.