Жамбыл облысында балабақша қызметкері 54 млн теңге жымқырған

314

Жамбыл облысында 54 миллион теңге бюджет ақшасын ұрлаған балабақша қызметкері сотталды,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Қаржы мониторингі агенттігіне сілтеме жасап. 

Қаржы мониторингі агенттігінің ақпаратынша, "Qamqor" әлеуметтік жобасы аясында Жамбыл облысы Сарысу ауданы білім бөлімінің "Ақбота" балабақшасында бюджет қаржысын жымқыру фактісі анықталды.

"Балабақшаның бюджет жөніндегі жауапты қызметкері Д.Әбибуллаев өзінің қызметтік жағдайын пайдалана отырып, 2018-2021 жылдар аралығында "Халық банк" АҚ карточкалық шотына заңсыз ақша аударып келген. Осылайша үш жылда 54 миллион теңге бюджет қаражатын жымқырғаны анықталды", - делінген қаржы мониторингі агенттігінің хабарламасында.

Әбибуллаев сот үкімімен 6 жылға бас бостандығынан айырылды.

Шығынның бір бөлігі – 18 миллион теңге өтелді.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.