Бас прокуратураның тергеу тобы Иманғали Тасмағамбетовті тексеруді бастады

454

Бұл туралы ақпарат бірнеше Telegram каналдарда шықты.

Экспресс К тілшісі Бас прокуратураның Баспасөз қызметіне хабарласып ақпаратты растауды, не жоққа шығаруды сұрап көрді, алайда ресми жауап жоқ.

Telegram каналдардың хабарлауынша, Бас прокуратураның Ведомствоаралық оперативтік тергеу тобы Иманғали Тасмағамбетовті тексеруді қолға алған.

Иманғали Тасмағамбетовтің Алматы мен Астана қалаларының әкімі, сонымен қатар Қорғаныс министрі болған кезде сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасауға қатысы бар-жоғы туралы бірқатар ақпарат тексерілетін болады,— делінген хабарламада.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.