Жасөспірімдер жабылып қыз зорлаған

1 452

Фото: istockphoto.comЖамбыл облысының полициясы жас қызды зорлау ісін қарап жатыр, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Өңірдің полиция департаменті Қылмыстық кодекстің 120-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.

«Тергеу кәмелеттік жасқа толмаған үш күдіктіні анықтап, ұстады. Екеуі үй қамаққа алынды, үшіншісі басқа бір адамның кепілдігімен жіберілді. Қазір қылмыстық істі тергеу аяқталған. Тараптар қылмыстық іспен танысып жатыр», - делінген баспасөз хабарламасында.

Тараптар танысып болғаннан кейін іс прокуратураға, одан кейін сотқа жолданады.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.