МЕРЕЙТОЙ АЯСЫНДА АТ БӘЙГЕСІ ӨТТІ
Бұқарбай батыр ауылының атшабарында Жалағаш ауданының 85 жылдық мерейтойы және «Алтын күз – 2024» мерекесіне арналған ат бәйгесі өтті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Тай жарыста жүлделі ІІІ орынды Аслан Даврушовтың баптауындағы «Қарқын» сайгүлікпен Санжар шабандоз иеленді. Мәрені екінші болып кескен жүйрік «Көзайым», Жанасыл шабандос тізгіндеген Жайлаубай Тілеуқабыловтың баптауындағы тай. Тай бәйгеде топты бастап І орын иеленген «Таскүрең», Мұратбек Пірекеновтың Бекнұр жүгендеген жүйрік тай.
Жүйріктер «Топ» бәйгеде топтасып бақсынады. Шын мықтылар тізгіндескен бәсекеде 12 аттан 3 тұлпар мәреден өтті.
8 айналымнан тұратын тартысты сында Рамаз тізгіндеген, Бердібек Мықановтың сайгүлігі «Сыр сұлуы» топ бастап жүлделі І орын иеленді. Топ бәйгенің ІІ орынды Нұртілеу балақай шапқан «Венеград» иеленді. Бапкері Ғабит Қойшығұл, Аққұм ауылы. ІІІ орын Қазалы ауданынан келген, Шынтас шабандоздың «Секунда» тұлпарына бұйырды.
Жүйріктен жүйрік озған «Аламан» бәйге кіл мықтылар мен ерекшеленді. Желмен жарысқан тұлпарларды шаң бастырып І орын иеленген сайгүлік «Белтұран», Бердібек Мықановтың баптауындағы тұлпар. ІІ орын иеленген тұлпар «Спартак», Қазалы ауданы. ІІІ орынды «Айқабақ» сайгүлік иеленді.
Ат бәйгесі — қазақ халқының ұлттық спорт түрлерінің бірі. Бұл жарыс көбінесе мерекелік шараларда, сондай-ақ ауылдар мен қалаларда өткізілетін маңызды оқиғалардың бірі болып табылады. Ат бәйгесі қатысушылардың шеберлігін, аттың жылдамдығы мен төзімділігін сынайды.
Жалағаш ауданында ат бәйгесін өткізу дәстүрі де жақсы сақталған. Мұндай жарыстарда халық көп жиналып, атқұмарлар мен жанкүйерлер өз сүйікті аттарын қолдап, тамаша көңіл күйде болды.
Жалағаш ауданындағы ат бәйгесі — ауданның мәдени өмірінің маңызды бөлігі. Мұндай жарыстарда жергілікті тұрғындар мен спортшылар өздерінің ең мықты аттарын жарысқа қосып, халықтың қолдауын алады.
Бәйгелер әдетте ұлттық мерекелер мен маңызды шаралар кезінде ұйымдастырылады. Ат бәйгесінде түрлі категориялар бойынша жарыс өткізіліп, жеңімпаздарға сыйлықтар мен дипломдар беріледі. Бұл шара тек спорттық бәсекелестік қана емес, сондай-ақ ұлттық дәстүр мен мәдениетті насихаттауға да мүмкіндік береді.