Қызылорда облысында көмір тапшы
463
Қызылорда қаласының тұрғындары қақаған аязда көмір таппай әлек, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Қазіргі ауа-райының күрт сууына байланысты вагондап келген қатты отын тез таусылуда. Ұзын-сонар кезек күткен қара халық көмір бағасының қымбаттап кеткеніне қапалы.
Шұбаркөл көмірінің жоғары калориялығына және күлінің аз болуына байланысты, экологиялық таза энергия тасымалдаушыларға жатқызады. Жоғары сұранысқа ие Шұбаркөл көмірі қаладағы қоймаға әкелінеді. Мұнда таң ата бірнеше вагон қатты отын жеткізілген. Алайда тұрғындар тайталасып алып, дем арасында тауысылып қалыпты. Ауыл аймақтардан келгендердің көбі сатып алып үлгермеген.
Оған қоса көмір бағасы биыл тіпті қымбаттап кеткен. Мәселен былтыр 14 мың теңгеден сатылған Шұбаркөл көмірінің бір тоннасы биыл 17 мың теңгеге көтерілген. Ал оны қала іргесіне жеткізіп беретін жүк көліктеріне тағы 15 мың теңге төленеді. Алыс ауылдарға жеткізу құны одан да қымбат.
Ал энергетика басқармасындағылар өңірге биыл қыста 176 мың тонна көмір жеткізілу керек деп жоспарлаған дейді. Айтуларынша, қазірге дейін 200 тоннадан аса қатты отын әкелінген. Бірақ соның өзінде халыққа жетпейтіндігін алға тартты.
Басқарма басшысы қалада көмір тапшылығы қыстың қатты болғанымен байланысты десе де, жуырда бірнеше тонна көмір жеткізілетіндігін атап өтті.

Көмір жоқ барып, көріп келе жатырмыз ғой. 3 күн болды менің келіп жатқаныма. Таусылып қалды, – деді тұрғын Рүстем Шайқиев.
Оған қоса көмір бағасы биыл тіпті қымбаттап кеткен. Мәселен былтыр 14 мың теңгеден сатылған Шұбаркөл көмірінің бір тоннасы биыл 17 мың теңгеге көтерілген. Ал оны қала іргесіне жеткізіп беретін жүк көліктеріне тағы 15 мың теңге төленеді. Алыс ауылдарға жеткізу құны одан да қымбат.
Көмір 17 мың болып тұр. Не деген масқара, өзімізден шығады. Жарты сағат болды келгеніме. Ана жаққа бардым. Ол жақтада көмір жоқ. Үш күн болды сандалып жүргеніме. Келеміз, кетеміз жоқ, – деп қосты тұрғын Айдарбек Тайымбетов.
Ал энергетика басқармасындағылар өңірге биыл қыста 176 мың тонна көмір жеткізілу керек деп жоспарлаған дейді. Айтуларынша, қазірге дейін 200 тоннадан аса қатты отын әкелінген. Бірақ соның өзінде халыққа жетпейтіндігін алға тартты.
Күннің сууына байланысты көмір отыны болсын, жарық болсын, басқа да бойынша тұтынуы көбейеді. Себебі қыс былтырғыдан одан алдыңғы жылғыға қарағанда едәуір суық биыл. Соған байланысты бұл қажеттілік өзгере береді, – дейді Қызылорда облыстық энергетика және ТҮКШ басқармасының басшысы Руслан Нұрмағамбетов.