Уланған сәбилер өлімі: ақтаулық әйел 10 жылға сотталуы мүмкін

1 622

Ақтауда жәндіктерді улаймын деп көрші үйдегі 2 баланың өліміне себепші болған әйел 10 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін, -  деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Маңғыстау облыстық ПД тергеу басқармасы бастығының орынбасары Нұралин Баржықовтың айтуынша, сәбилердің өліміне жауапты әйелге қатысты екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соқтырған санитарлық ережелерді немесе гигиеналық нормаларды бұзу бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ол 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Әйелдің кәмелетке толмаған 2 баласы бары хабарланды.

Айта кетейік, өткен аптада Ақтауда 1 және 2 жасар балалар дезинфекциядан уланып көз жұмды. Қайтыс болған балалардың туысының айтуынша, төменгі қабаттағы көршісі жәндіктерден құтылу үшін пәтерін дезинфекциялаған. Бірақ бұл туралы ол ешкімге ескертпеген және өзі үйіне қонбаған.


Осы оқиғаға қатысты пікір білдірген Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Айжан Есмағамбетова елімізде кез келген адам дезинфекция заттарын сатып алып, үйлеріне шаша алатынын айтты. Бұл мәселе заңмен реттелмеген.


«Бүгінгі таңда тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қазір біздің қолдағы мәліметтерге қарағанда, балалар дезинфекция құралдарынан уланған. Бұл - құрт-құмырсқаларға қарсы улағыш. Бірақ бұл тек алдын ала мәлімет. Дезинфекция жүргізген үй иесінің сөзіне сүйенсек, ол таблетканы сатып алған, оның бірақ атауын да білмеген. Ол таблетканы үйдің бұрыш-бұрышына шашып, үйдегілерді алып, кетіп қалған. Дезинфекция заттарынан бөлініп шыққан кезде бұл бөлінді вентиляция арқылы үстіңгі қабаттағы үйге тараған. Солайша, үстіңгі үйдегі отбасы уланған», - дейді Айжан Есмағамбетова.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.