Мәйітті сөмкеге жасырып, қоқыс алаңына тастаған ер адам 14 жылға сотталды

1 509

Фото:©Tengrinews.kzАқтөбеде қоқыс алаңынан сөмкенің ішінен табылған ер адамның өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша сот үкім шығарды,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпараттық агенттігі.

62 жастағы жергілікті тұрғын танысын өлтіргені үшін кінәлі деп танылып, 14 жылға бас бостандығынан айырылды. Себебі марқұмның мәйіті үлкен жолақты сөмкеге салынған күйде қаладағы мектептердің бірінің жанындағы қоқыс алаңына тасталған. Сот материалдарына сәйкес, сотталған азамат 55 жастағы танысын өлтіргені үшін кінәлі деп танылды. Сонымен қатар ол жәбірленуші тарапқа 2 миллион теңге көлемінде моральдық өтемақы төлеуге міндеттелді. Айыпталушы сот барысында өзіне тағылған айыппен келіспейтінін айтып, әрекетін өзін-өзі қорғау мақсатында жасағанын мәлімдеген. 

Алайда сот бұл уәжді негізсіз деп тапқан.  Прокурор жариялаған айыптау актісіне сәйкес, жәбірленуші айыпталушының үйіне қонаққа келген. Ішімдік ішу барысында екеуінің арасында жанжал туындап, үй иесі танысына бірнеше рет пышақ сұққан. Алған жарақатынан жәбірленуші оқиға орнында көз жұмған. Осыдан кейін күдікті мәйітті үлкен сөмкеге салып, қоқыс алаңына апарып тастаған. Сөмке тек  күдік тудырып, оқиға орнына полиция қызметкерлері шақырылған.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.