Қазақстандықтарға шетелдегі жұмыс туралы алаяқтық ескертілді

2 523

Фото: ©Tengrinews.kz/ Тұрар ҚазанғаповІшкі істер министрлігінің киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаменті интернетте жарияланатын хабарландыру арқылы азаматтарды шетелдегі"жалақысы жоғары жұмысқа" тарту дерегі көбейгенін айтып, мұндай ұсыныстар қауіпті болуы мүмкін екенін ескертті,-деп хабарлайды Opennews.kz  ақпараттық агенттігі Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.

Алаяқтар әлеуметтік желілерде, мессенджерлерде, түрлі хабарландыру сайттарында "табысы жоғары, жол ақысы мен жатын орны тегін, тәжірибе мен тіл білуді талап етпейтін оңай жұмыс ұсынамыз" деп хабарландыру жасаған. Мұндай хабарландырулар көбіне Telegram-дағы арналарда, WhatsApp топтарында және өзге де онлайн алаңдарда таратылған.

 ІІМ мәліметінше, шетелге барған азаматтар іс жүзінде мүлде басқа жағдайға тап болуы мүмкін:

жеке куәлігі мен өзге де құжаттары қолды болуы;

еркін жүріп-тұру мүмкіндігі шектелуі;

интернет арқылы жасалатын алаяқтық схемаларға күштеп тартылу;

уәде етілген жалақы берілмеуі;

елге қайтару үшін ақша талап ету;

қысым көрсету, қорқыту.

Сақтық үшін мына жайттарды ескерген жөн:

шетелге жұмысқа тек ресми тіркелген, лицензиясы бар агенттіктер арқылы барыңыз;

жұмыс беруші туралы мәліметті және келісімшарт талаптарын жан-жақты тексеріңіз;

құжаттарыңыз бен жеке дерегіңізді бейтаныс адамдарға сеніп тапсырмаңыз;

сапар бағыты мен баратын жеріңіз туралы жақындарыңызға алдын ала хабар беріңіз.

Күмәнді ұсыныс алсаңыз немесе алаяқтық белгілерін байқасаңыз, бірден құқық қорғау органдарына жүгінген дұрыс.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.