Ұлттық ұлан сарбазы өзіне қол салмақ болған ер адамды құтқарып қалды

275

Фото: polisia.kzАқтау қаласының Атамекен ауылында Ұлттық ұланның әскери қызметшісі 4-қабаттан секірмек болған ер азаматты құтқарып қалды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 

«6 қыркүйекте сағат 12:15-те жауынгерлік қызметтен шығып, үйіне келе жатқан Ұлттық ұланның әскери қызметшісі Арман Мұрзамұратов төрт қабатты үйден секіргелі тұрған ер азаматты көреді. Сәл кідіріп, азаматтың әрекетін бақылау барысында оның нақты секіруге оқталғанын аңғарады. Жедел шешім қабылдаған әскери қызметші жоғарғы қабатқа көтеріліп, ер азаматтың артынан ақырын келіп, қолынан ұстап алады. Қарсыласқанына қарамастан, оны қауіпсіз жерге алып шығады. Кейін Арман Мұрзамұратов жағдайды полиция қызметкерлеріне хабарлаған», – делінген Ұлттық ұланның баспасөз қызметі таратқан хабарламада.


Ведомство ақпаратына сәйкес, қазір полиция өзіне қол салмақ болған 24 жастағы азаматтың неліктен мұндай әрекетке барғанын анықтап жатыр.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.