Полицейлер ізін суытпай алты күдіктіні ұстады

1 509

Фото ;instagram/almaty.policeАлматыда "102" пультіне көшеде пышақ асынған бір топ жас жігіттің жүргені туралы хабарлама келіп түскеннен кейін полицейлер бірден алты күдіктіні ұстады, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға кеше түн ортасында Ақсай ықшамауданында болды.

Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері жанжал кезінде бір жас жігіттің пышақ жарақатын алғанын анықтады. Ізін суытпай оқиғаға қатысы болуы мүмкін деген күдікпен алты жас жігіт ұсталды.

Ұсталғандардың кейбірінің киімінен қанға ұқсас іздер табылды. Сондай-ақ тергеу үшін маңызы бар заттар тәркіленді.

Ұсталғандардың барлығы тергеу амалдарын жүргізу үшін Әуезов аудандық полиция басқармасына жеткізілді.

Қазіргі уақытта полицейлер оқиғаның толық хронологиясын, жанжалдың себептерін, әрбір қатысушының рөлін, сондай-ақ пышақ жарақатын салуға тікелей қатысы бар адамды анықтап жатыр. Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.