Ер адам анасын пышақтап өлтіріп, өртеп жіберген
Шымкентте ер адам өз анасын айуандықпен өлтірді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
KopSoz Telegram арнасы жазғандай, қылмыс бір күн бұрын, 12 қаңтарда сағат 02:50 шамасында Жабаев көшесіндегі жеке үйлердің бірінде болған. Бұрын сотталған 1994 жылғы ер адам психикасы бұзылған күйде жанжал кезінде анасын пышақтап өлтірген. Қылмыс жасаған соң мәйітті аулаға шығарып, өртеп жіберген.
Шымкент қалалық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 12 қаңтарға қараған түні полицияға күш қолдану белгілері бар өрт туралы хабар түскен.
ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 1-бөлігі «Адам өлтіру» бойынша қылмыстық іс қозғалды.