Әйел қызғаныштан баласының сыныптасын улап өлтірген

318

Үндістанда әйел қызының 13 жастағы сыныптасын жақсы оқығаны үшін у беріп өлтірген, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Times of India басылымына сілтеме жасап.



13 жастағы Маникандан есімді жеткіншек Караикал қаласындағы мектептің үздік оқушылардың бірі болған. Сыныптасының анасы оның жетістіктерін қызғанып, жасөспірімнен құтылудың жолын іздеген.

2 қыркүйекте мектепте дәстүрлі іс-шара өткен кезде, әйел мектепке келіп, өзін күзетшіге Маниканданның анасы ретінде таныстырып, оған сусынын беруді өтінді.

Оқушы еш күдіктенбестен сусынды ішіп, содан кейін ауырып қалды. Үйге келгенде, іші өтіп, құса бастайды. Ата-анасы баланы жеке клиникаға апарып, онда ол шұғыл ем алады және денсаулығы жақсарған кезде үйіне жіберілді. Алайда келесі күні ол қайтадан ауырып қалған. Бала ауруханаға жеткізілген, алайда дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмапты. Кешке Маникандан көз жұмды.

Тергеу барысында Маниканданның анасы ұлының сусын туралы айтқанын есіне түсіріп, сол күні ұлына ештеңе бермегенін жеткізген. Содан кейін полиция мектеп қызметкерлерімен сөйлесіп, сусын ұсынған 42 жастағы әйелді анықтады. Қаскөй бұл әрекетін мойындап, сусынға улы зат қосқанын айтты.

Сол күні әйел қамауға алынып, оған кісі өлтірді деген айып тағылды.