Студенттерден пара алған оқытушы ұсталды

320
Тараздағы университеттердің бірінде студенттен 200 мың теңге пара алған оқытушысы ұсталды, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.



20 қаңтарда Жамбыл облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері арнайы жедел-іздестіру шаралары барысында қаладағы жоғары оқу орынының бірінен 46 жастағы оқытушыны қызметтік кабинетінде студенттен 200 мың теңге көлемінде қаржы алу кезінде ұстады.

Полиция аға оқытушының бұған дейін 4-курс студенттерінен үш айлық тәжірибелік сабақтардан және емтиханнан өткізіп беремін деп әрқайсысынан 50 мың теңге көлемінде ақша талап еткендігін анықтады.

Ұсталған ер адам кінәсін толық мойындады. Оған қатысты қолхатпен босату туралы бұлтартпау шарасы қолданылды.

Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі 3-тармағымен (Екі немесе одан да көп адамға қатысты жасалған алаяқтық) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Бапқа сәйкес, осындай қылмыс жасағаны үшін мүлкi тәркiленіп, үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыру, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, жымқырылған мүліктің он еселенгеннен жиырма еселенгенге дейінгі мөлшерінде айыппұл салу, не үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.