Алмасбек Садырбаев: Әбдіхалықова Гүлшараға көз тиді
909
Ауылшаруашылық саласының эксперті Алмасбек Садырбаев желіде жаңа видео үндеу жариялады,-деп хабарлайды «Opennews.kz» ақпарат агенттігі.
Бұл жолғы видеосында өңірлердегі азық-түлік тапшылығын өз пайдаларына негіздеп бір байдың 1200 бас сиырына жарты миллиярд қаржыны бөлмек болған Қызылорда облысы әкімі Гүлшара Наушақызының шешім еткен құжаттарын талқыға салды. Көрсетілген құжатта 1200 бас сиыры бар шаруақожалық иесіне әр сиыр басына 386 000 теңгеден 463 480 млн теңге жұмсалады делінген. Ал қара халықтың әр сиыр басына 15 000 теңгеден төлейді –мыс. Жем-шөпке байланысты Президент тапсырмасын орындаған екі әкім болса, оның бірі осы Қызылорда облысы әкімі еді дейді видео авторы. Алайда президент тапсырмасын негізге алып, қалған шешімді өз қалауынша шығарып отырған әкімнің былығына тоқтау болар ма екен?
Эксперттің айтуынша ауылшаруашылық министрлігі алдағы жылдарға арналған ұлттық жобаны сала мамандарымен еш ақылдаспай қабылдап жіберді дейді. Желіде жарияланған видеоға қатысты желі қолданушылары да келіспеушілік пен ашуға толы пікірлерін қалдыруда.
Видеоның толық сілтемесі: