Жындыханадан ер мен әйел қашып кетті

1 511

Фото: Lider.kz Олар биыл сәуір, мамыр айларында жындыханадан қашып кеткен. Алматыда жындыханалардың бірінен қашып кеткен екі адам бірнеше айдан бері іздестіріліп жатыр, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Шахрай Нелли Александровна, 24.06.1989 жылы туған. Қазақстан, Алматы қаласы

Ол 16.04.2026 жылы сағат шамамен 09:00-де Бостандық ауданындағы Кекілбайұлы көшесі, 117 мекенжайында орналасқан «Психикалық денсаулық орталығы» ШЖҚ МКК-дан шығып кеткен.
Нелли Шахрайдың бойы – 167 см, дене бітімі орташа, көзі қоңыр, шашы қара-қоңыр, арасында ағарған шаштары бар, ұзын. Бетінде бөртпе бар.

Киімі: қою көк түсті велюр кофта, күлгін шалбар, көк түсті резеңке аяқ киім.

Ол психикалық дертке шалдыққан.

Антипин Денис Сергеевич, 07.09.1991 жылы туған. Алматы қаласы.

Ол 13.05.2026 жылы сағат шамамен 08:00-де Бостандық ауданы, Кейкибаев көшесі, 117а мекенжайында орналасқан Психикалық денсаулық орталығынан қашып кеткен.

Бойы – 180 см, дене бітімі орташа, шашы қара-қоңыр, арасында ағарған шаштары бар, қысқа. Көзі қоңыр, сол көзінің маңында меңі бар.

Киімі: қара түсті кеудеше, ақ футболка, қара шалбар, қара түсті сланцы.

Психикалық дертке шалдыққан.

«Жоғалған адам туралы қандай да бір мәлімет болса, мына телефон нөмірлеріне хабарласқан жөн: +7 705 105 31 31; +7 701 375 92 91 немесе 102», – делінген Lider.kz хабарламасында.

Агенттік тілшісі жағдайға қатысты Алматы қаласының Полиция департаментіне сауал жолдады.     

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.