Қызылордада өртенген үйден ер адамның мәйіті шығарылды

546

Қызылорда қаласындағы тұрғын үйлердің бірінен өрт шыққан,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Экспресс К сайтына сілтеме жасап.

Оқыс оқиға орынына өрт сөндірушілер жеткенше, баспананың төбе жабындысы толықтай жанып кетіпті. Ал күлі көкке ұшқан үйдің ішінен 59 жастағы ер азаматтың мәйіті шығарылған. Марқұмның мәйітін құтқарушылар баспананың ортаңғы бөлмесінен тапты 

Өрт сөндірушілер өрт ошағына кіріп ортаңғы бөлмеден 1962 жылғы ер азаматтың өлі денесін алып шықты. Қазіргі таңда өрттің шығу себебі мен шығыны анықталып жатыр,— деп мәлімдеді өрт сөндіру қызметі.




OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.