21 жастағы жігіт іздестірілуде

596
Семейде 21 жасар жігіт  бір ай бұрын үйінен шығып кеткен күйі оралмаған - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі KAZ.NUR.KZ сайтына сілтеме жасап.

Еріктілердің сөзінше, 19 тамызда Семей қаласының 21 жастағы тұрғыны Сарыби Нұртасұлы үйінен белгісіз бағытта шығып сол күйі хабар жоқ.

Жігіттің белгілері: бойы – 175-180 см, көзі қоңыр, шашы қара, төменгі ернінің оң жағында тыртық бар, көзілдірік киген. Жоғалған күні үстінде ашық көк түсті футболка, қара түсті трико, аяғында кеды болған.

Сөмкесі мен жеке куәлігі өзінде болған.

 ШҚО полиция департаментінің хабарлауынша, 27 тамызда әйел адам Семей қаласындағы полиция басқармасының "102" жедел орталығына хабарласып, 2000 жылы туған ұлы Сарыби Нұртасұлын іздеуге көмектесуді сұраған.